Тікелей эфир

Қытайдан Қазақстанға қосымша сертификатсыз келген азаматтардың құжаттары заңдастырылмайды

Бұл елден келетін қазақтар енді Қазақстанға келмес бұрын құжаттарын апостильдеуі қажет.

Отандастар" қоры Қазақстанға келіп жатқан Қытай қазақтарының елге келмес бұрын құжаттарына қосымша сертификат (апостиль) алуы керектігін еске салды. 

Бұл 2023 жылы Қытай Халық Республикасының Гаагада жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Конвенцияға қосылуымен байланысты. Конвенция ҚХР-ға қатысты 2023 жылғы қараша айында күшіне енген. Содан бері Қытайдың Қазақстанда пайдалану үшін беретін ресми құжаттары бұдан былай консулдық заңдастыру рәсімінен өтпейді, оның орнына Қытайда қосымша сертификаттар (апостиль) берілетін болады. 

"Сертификаттар (апостиль) – елтаңбалы күміс түсті мөр бекітілген жапсырма түрінде ресімделеді (жапсырма және мөр форматы қоса берілген). Қытайда сертификаттар беру бойынша уәкілетті орган – Сыртқы істер министрлігі болып табылады. Сондай-ақ, сыртқы істер кеңселері өздерінің әкімшілік аудандарында берілген ресми құжаттарға сертификаттар береді. Ендігі кезекте, Қытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстанға келмес бұрын, құжаттарын алдын ала апостильдеуі қажет", – делінген қордың хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қандастардың балаларын бейімдеу орталықтары ашылады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
3

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары