Қытайда өткен Азия пара ойындарында қазақстандық дзюдошылар алтын және күміс жүлде иеленді

Бұл – Қазақстан құрамасының үшінші алтын және бесінші күміс жүлдесі.

Парадзюдодан Қазақстан спортшылары алғашқы екі орынды иеленді.

Шешуші кездесуде Ерғали Шәмей жерлесі Асылан Нұрдәулетовпен қарсыласты. Осылайша қазақстандық парадзюдошылар Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын мен бесінші күмісті қосты.

"Дзюдошыларымызды осындай тамаша нәтижелерімен құттықтаймын. Бұл – жетістіктің соңы болмай, әнұранымыз басқа да ірі турнирлерде шырқала берсін деп тілеймін. Өсуді және жаңа жеңістерге жетуді тоқтатпаңдар!", – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының алтын медалін қай спорт түрлерінен жиі жеңіп алады.


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз