Тікелей эфир

Қытайда балалардың интернетте екі сағаттан артық уақыт отыруына тыйым салынбақ

Кәмелетке толмаған балаларға сағат 22.00-6.00 аралығында интернетті пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.

Қытайдың киберкеңістікке қатысты сұрақтар бойынша басқармасы балалар мен жасөспірімдердің интернетте өткізетін уақытын шектеу туралы заң жобасын 2023 жылдың 2 қыркүйегіне дейін талқылауға ұсынды. Бұл туралы Reuters жазды.

Интернетті пайдалану уақытын күніне 8 жасқа дейінгі балалар үшін 40 минутқа дейін, 8-16 жас аралығындағы балалар үшін 1 сағатқа дейін, 16-18 жас аралығындағы балалар үшін 2 сағатқа дейін шектегісі келеді. Сонымен қатар, бала құрылғыны үзіліссіз пайдаланса, үзіліс жасау керектігі туралы хабарлама келеді.

Заң жобасының идеясын жүзеге асыру үшін қытайлық реттеуші смартфон өндірушілерді құрылғыларға "Кәмелетке толмағандар режимі" деп аталатын режимді енгізуді міндеттеді. Смартфонды іске қосқан кезде пайдаланушы жасын көрсетуі керек.

Бұл режимді бала да, оның ата-анасы да қолдайды деп болжануда. Бала құрылғыны шектеулі уақыттан көп көруге әрекет етсе – ата-анасына хабарландыру барады. Реттеуші заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарғаннан кейін қытайлық технологиялық компаниялардың акциялары құлдырады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Қытайға 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады. 


 

Серіктестер жаңалықтары