USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.59 / 6.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қысым көрсетіп, 20 млн теңге талап еткен: Шымкентте кәсіпкерді қорқытқан күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Ол кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткені анықталды.

Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті қоғамдық тамақтану орындарының біріне бірнеше рет барып, нысанды бейнежазбаға түсірген. Кейін кәсіпкерге түрлі уәкілетті органдар арқылы "тексеру ұйымдастырамын", бизнесін жаптырамын деп қысым көрсеткен. Осы әрекеттер арқылы ол кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткені анықталды.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша бопсалау фактісімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарға ескерту жасады: ешбір тұлға тексеру жүргіземін немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз