USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қысқы маусымға дайындық: Алматыда веложолақ бойындағы қоршаулар уақытша алынады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Бұл шешім жолдарды қар мен мұздан кедергісіз тазалау мақсатында қабылданды.

3 қарашадан бастап Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру басқармасы веложолақтардың бойына орнатылған сигналдық боллардтарды алу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл шешім жолдарды қар мен мұздан кедергісіз тазалау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

"Уақытша қоршауларды алу коммуналдық қызметтердің механикалық тазалау жұмыстарын тиімді орындауына, жол жиегінде қар үйінділерінің жиналуын болдырмауға, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Велоинфрақұрылым сақталады және өз қызметін жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жалғастыра береді", – делінген хабарламада.

Сонымен бірге жүргізушілер мен жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларын қатаң сақтауды ескертті. Бұл талаптардың орындалуына құзырлы органдар бақылау жүргізеді.

Қала қызметтері қысқы кезеңге дайындық шараларын жалғастырып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге күш салып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау