USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыда тағы бір мердігердің құрылыс лицензиясы тоқтатылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталмағаны анықталды.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы СК MEGARON ЖШС-не қатысты қабылданған шаралар туралы хабарлады. 

Компания Б.Хмельницкий көшесінен бастап Тәжібаев, Бакинская, Физули көшелері арқылы Майлин көшесіне дейінгі су құбыры желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ Мыңбаев және Манас көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын орындаған.

"Алатау ТН" ЖШС техникалық қадағалауының өтініші негізінде басқарма тарапынан мердігерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты СК MEGARON ЖШС-нің құрылыс лицензиясы кері қайтарылды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін де Алматыда екі компания – СК 7 строй ЖШС және AsiaMax ЖШС құрылыс лицензияларынан айырылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау