Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов үкімет отырысында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы баяндады.
Министрдің айтуынша, биыл электр станцияларында 10 энергия блогын, 63 қазандық пен 39 турбинаны жөндеу жоспарланған.
"Қазіргі уақытта төрт энергия блогы, 31 қазандық және 20 турбинада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал бес энергия блогы, 22 қазандық және 12 турбинадағы жұмыстар толық аяқталған. Энергетика көздерін жөндеуге 376,7 миллиард теңге бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Жалпы ұзындығы 17 мың шақырым болатын электр беру желілерін, 420 қосалқы станцияны, 3,5 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған. Қазір электр беру желілерінің 77%-ы, қосалқы станциялардың 68%-ы және тарату пункттері мен трансформаторлардың 73%-ы жөнделіп үлгерді", – деді Ерлан Ақкенженов.
Жылумен жабдықтау бағытында 323 км жылу желілерін реконструкциялау және күрделі жөндеу қарастырылған. Оның 215 шақырымы (66%) аяқталды.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63