USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі ел аумағында TikTok желісін бұғаттау туралы шешім шығарды

Мониторинг барысында платформаның видео көрсететін кезде бала жасын ескермейтіні анықталған.

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі TikTok әлеуметтік қызметін бұғаттау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 24.kg сайты. 

Ведомствоның баспасөз қызметі үкіметтік емес ұйымдар тарапынан TikTok желісінің балалар психикасы мен денсаулығына теріс әсер ететіні туралы шағымдардың жиілегенін хабарлады. Бастама авторларының пікірінше, балалар TikTok желісінде көрсетілетін видеодағы қауіпті әрекеттерді қайталап мертігіп қалуы мүмкін. 

Мәдениет министрлігі жүргізген мониторинг нәтижесінде платформаның балалар денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін видеоға қолжетімділікті шектемейтінін және қолданушының жасы ескерілмейтінін анықтаған. 

"Көптеген өтінішті ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok желісі қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желілер интерфейсін қазақшаға аударып, контентті мемлекеттік тілге ыңғайлауға міндетті болады


Шешім іске асыру үшін цифрлық даму министрлігіне жіберіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау