Тікелей эфир

Әлеуметтік желілер интерфейсін қазақшаға аударып, контентті мемлекеттік тілге ыңғайлауға міндетті болады

Әлеуметтік желіні қолдану туралы келісімді де қазақ тіліне аудару керек.

Сенат депутаттары онлайн платформалар туралы заңды және оған ілеспе түзетулерді екі оқылымда мақұлдады.

Заң әлеуметтік желі алгоритмдеріне онлайн платформалардағы заңсыз контентті қадағалауға және қазақ тіліндегі контентті модерациялауға мүмкіндік беретін онлайн платформалардың интерфейсіне және модерациясына мемлекеттік тілді міндетті түрде енгізуді қарастырады.

"Мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің саны жыл өткен сайын артып келеді. TikTok қазір интерфейсін мемлекеттік тілге аударды, Facebook автоматты аударманы енгізді, бұл бағытта нақты өзгерістер бар. Заңда автоматты аударманы қолдану және қазақ тіліне арналған қолданушы келісімінің болуы сияқты нормалар бар. Барлық қолданушыға бірдей жағдай жасау қажет", – деді ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Евгений Кочетов. 

Онлайн-платформалардың иесі мен заңды өкілі үшін адам мен азаматтың өміріне немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз контент анықталса, құқық қорғау органдарына дереу хабарлау және олардың әрекетін тоқтату міндеті енгізілді. Уәкілетті органның бұйрығы негізінде заңсыз контентті, балаға қатысты киберқорлау деп танылған ақпаратты жариялап, тарататын аккаунттардың ел аумағындағы қызметін тоқтатау міндеті де енеді. 

Заң онлайн платформаларды қолданушыларға мәтінді, графиканы және басқа белгілерді пайдалана отырып, мақсатты онлайн-жарнама мен демеушілік контентті қоса алғанда, өз парақшасында жарияланған онлайн-жарнамаларды анықтау және белгілеу міндеттерін белгілейді. 

Серіктестер жаңалықтары