Қырғызстанда жиналыс кезінде 24 шенеунік ұсталды. Арасында салықшылар мен шекарашылар бар

Фото: instagram.com/gknb.official
Фото: instagram.com/gknb.official
Олар ЕАЭО елдерінен жалған құжаттар арқылы тауар әкелу үшін жалған компаниялар құрған.

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде өткен жиналыс кезінде бірден 24 лауазымды тұлға қамауға алынды.

Ұсталғандардың қатарында жеті салық қызметкері, алты шекарашы, жеті фитосанитарлық бақылау маманы және көлік министрлігінің төрт қызметкері бар.

Агенттіктің мәліметінше, олар Чу облысындағы Қазақстанмен шектес "Чалдовар-Автожол" өткізу бекетінде контрабандаға қатысы бар деген күдікке ілінген.

"Тергеу деректері бойынша, қылмысқа Чалдовар ауылының жергілікті депутаты мен Өзбекстан азаматы да тартылған. Олар ЕАЭО елдерінен жалған құжаттар арқылы тауар әкелу үшін жалған компаниялар құрған. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне пара "М-Банк" интернет-әмияндары мен қолма-қол ақша арқылы беріліп отырғаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз