Қырғызстанда "Ы" әрпіне ескерткіш қойылады

Қырғыз-орыс сөздігінде "Ы" әрпінен басталатын 600 сөз бар.

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы "Ынтымақ" саябағында "Ы" әрпіне арнап ескерткіш қойылады, деп хабарлады 24.kg "Қырғызстандағы Ресей газетіне" сілтеме жасап, 

Ескерткіш 29 сәуірде ашылады деп жоспарланған. Бұл әлемде "Ы" әрпіне қойылған тұңғыш ескерткіш болмақ. 

Басылымның жазуынша, Қырғыз-орыс сөздігінде "Ы" әрпінен басталатын 600 сөз бар. Қырғыз тілінде "ы" дыбысының болуының арқасында "Қырғыз", "Қырғызстан", "қырғыз халқы" сынды бренд сөздер айрықша танымалдылыққа ие болған. 

Ескерткіш арнайы QR-кодпен жабдықталады. Код арқылы өтіп, Қырғызстан туралы ақпаратпен екі – мемлекеттік қырғыз және ресми орыс тілдерінде танысуға болады. Онда Қырғызстанның географиясы, тарихы мен халқы туралы мәліметтер, сондай-ақ қырғызша-орысша сөздік орналастырылады. 


Оқи отырыңыз: Қырғызстан депутаты ұл-қызына арабша есім беретіндерді сынға алды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз