Тікелей эфир

Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды

Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың мәйіті табылды.

Қырғызстанның Ош қаласында болған сел салдарынан жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды, деп хабарлайды Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың мәйіті табылды.

Оның денесі "Достық" шекарасы арқылы қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, Қырғызстанның Ош облысы мен Ош қаласында сел жүрді. Табиғи апат салдарынан жолдар қирап, көшелерді су басып, қалды.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі төрт адамның жоғалғанын хабарлады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары