Тікелей эфир

Қырғызстанда сел ағызып әкеткен төрт адамның денесі Өзбекстаннан табылды

Әйелдің денесін құтқарушылар 16 шілдеде тапты.

Қырғызстанда селмен ағып кеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды, деп хабарлады 24.kg.

Оның денесін көрші елдің құтқарушылары 16 шілдеде тапты.  Мұның алдында 146 маман жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған еді. 

Еске салайық, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүріп өткен болатын. 

Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Тасқын "Молбұлақ" демалыс орталығында тұрып жатқан төрт адамды ағызып әкетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері, яғни, 44 жастағы анасы мен 19, 10 және 6 жастағы үш қызы.

Қыздардың денесі Өзбекстан аумағындағы Шахрихансай каналынан табылған. Ал анасының мәйіті Ақбура өзенінен шығарылды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары