USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қырғызстанда мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желіде лайк басуға тыйым салынды

Фото: Akipress.org
Фото: Akipress.org
Бұл шектеу Парламент сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат материалдарына қатысты.

Қырғызстанда бүгін Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны басталды. 

Соған орай Сайлау және референдум өткізу бойынша орталық комиссиясының мүшесі Узарбек Жылкыбаев мемлекеттік және муниципалды қызметшілерге, акцияларының 30 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік желіде кандидаттарды қолдап пост жазуға және үгіт-насихат жазбаларына реакция білдіруге тыйым салынғанын хабарлады, деп жазды 24.kg

"Әсіресе мемлекеттік БАҚ өкілдері бұлай істемегені абзал. Одан гөрі 30 қарашада сайлау учаскесіне барып, өз кандидатыңызға дауысыңызды беріңіз", – деді Узарбек Жылкыбаев.

Еске салайық, үгіт-насихат науқаны 20 күнге – 29 қарашаға дейін созылады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз