2028 жылы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 100 жыл толады.
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Шыңғыс Айтматовтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат президент сайтында жарияланды.
Жарлық аясында Садыр Жапаров 2028 жылды Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялауды тапсырды және үкіметке келесі шараларды жүзеге асыруды тапсырды.
- 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту;
- Талас облысы, Айтматов ауданы, Шекер ауылында орналасқан "Шыңғыс-Ордо" мәдени-тарихи мемориалдық музей-кешенін "Айтматов ғаламы" ("Айтматов ааламы") деп қайта атау және құрылыс жұмыстарын аяқтау;
- Шыңғыс Айтматовтың мұрасын халықаралық деңгейде таныту жұмыстарын жандандыру, соның ішінде көрмелер, конференциялар және іс-шараларды шетелде өткізу;
- ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығын атап өту туралы бастама көтеру;
- Әдебиет, философия, дипломатия және гуманистік құндылықтарды насихаттау салаларындағы елеулі жетістіктер үшін Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық тағайындау жөнінде ұсыныс енгізу;
- Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын мемлекеттік, ресми және басқа тілдерде академиялық жинақ түрінде дайындап, басып шығару;
- Шыңғыс Айтматовтың есімін көшелерге, мектептерге, кітапханаларға және басқа нысандарға беру;
- "Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығы" атты 100 сомдық коллекциялық алтын монетаны "Тарихи оқиғалар" сериясы аясында шығару.
Аталған шаралар республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ бюджеттен тыс және халықаралық ресурстарды тарту арқылы жүзеге асырылады.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

