Қырғыз парламенті мемлекеттік тіл туралы заң жобасын мақұлдады. Тіл білмегендер енді шенеунік бола алмайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қырғыз тілін білмейтін адвокаттар мен нотариустерге лицензия берілмейді.

Қырғызстанның парламенті мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріне қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлады 24.kg.

Жаңа өзгертулер Парламент депутаттарын, үкімет мүшелерін, Конституциялық, Жоғарғы және жергілікті судьяларды, прокурорларды, тергеушілерді қырғыз тілін білуге міндеттейді. Дәл осындай талап Ұлттық банк, құқық қорғау органдары және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне де қатысты. 

Сондай-ақ, жаңа тәртіп бойынша, қырғыз тілін білмейтін адвокаттар мен нотариустер лицензия ала алмайды. 

Мемлекеттік тілге қатысты өзгертулер "Телевидение және радио хабар тарату" туралы заңға да енгізіледі. Ол бойынша, күнделікті телехабар таратудың кемі 60 пайызын қырғыз тіліндегі бағдарламалар құрауы керек. 

Ал "Сыртқы көші-қон туралы" заңға енгізілетін өзгерістер бойынша, қырғыз тілін білмейтін шетелдік азаматтарға иммигрант мәртебесі берілмейді. 

Жаңа талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға айыппұл түріндегі жазалар қарастырылған. Айыппұл көлемі 5 пен 17 мың қырғыз сомы аралығында. Айыппұлды Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссия салады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз