USD: 486.1 / 488.7
  • EUR: 555.5 / 560.5
  • RUB: 6.25 / 6.37
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Қырғыз депутаттары президент және парламент сайлауы күнін ресми демалыс етуді ұсынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алайда, ел азаматтары бұл күні дауыс беруге бармаса, ол күннің еңбекақысы төленбейді.

Қырғыз парламентінде Еңбек кодексіне өзгертулер енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлады қырғыз баспасөзі.

Көп талқысына түскен ең даулы түзету – президент және парламент депутаттарын сайлау күнін ресми демалыс күні ету бастамасы болды. 

Депутаттар сайлауға ел заматтарының қатысу деңгейі өте төмен екенін алға тарта отырып, бұл демалыс күнін ынталандыру мақсатында қолдануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, егер азамат дауыс беруге бармаса, онда бұл күннің еңбекақысы оған төленбейді. 

Сондықтан, толық еңбекақы алу үшін азамат не дауыс беруі қажет не өзге де бұлтартпайтын себебі болуы шарт. 

Бұдан бөлек, депутаттар дауыс бермеген ел азаматтарының әлеуметтік құқықтарын шектеу туралы да бастама көтеріп отыр. Мәселен, дауыс беру күні азаматтың сақтандыру өтіліне де қосылады. Бірақ, ол тек дауыс бергенін растаған азаматтарға ғана қолданылатын болады. 

Еске салайық, Қазақстанда сайлау күні демалыс күні болып жарияланбаған. Әдетте, елімізде сайлау жексенбі, яғни демалыс күніне белгіленеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз