Құрылтайға бес партия өтті. Қай партия қанша мандат алды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бес партия Құрылтай құрамына енді.

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша 145 депутаттық мандаттың саяси партиялар арасында қалай бөлінгенін жариялады.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, сайлау нәтижесінде бес саяси партия Құрылтайға өтті.

Мандаттар партиялар арасында мынадай тәртіппен бөлінді:

  • "Әділет" партиясы – 110 мандат;
  • "Ауыл" партиясы – 10 мандат;
  • Respublica – 9 мандат;
  • ЖСДП – 8 мандат;
  • "Ақ жол" партиясы – 8 мандат.

Осылайша, Құрылтайдағы 145 орынның басым бөлігі "Әділет" партиясына тиесілі болды.

Фото: ОСК

 

Бұған дейін жарияланған сайлау қорытындысы бойынша "Әділет" партиясы 71,17% дауыс жинаған еді. Сонымен қатар "Ауыл", Respublica, "Ақ жол" және ЖСДП 5 пайыздық межеден өтіп, депутаттық мандаттарға ие болды.

Ал Қазақстан Халық партиясы мен "Байтақ" партиясы қажетті межеден өте алмады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау