Құрылтай сайлауы бойынша дауыс берудің қорытынды нәтижесі жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Екі партия 5 пайыздық межеден өте алмады.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялады. Дауыс беруге 9 351 539 азамат қатысқан. Сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 74,08% болды.

Нақтыланған мәлімет бойынша, сайлаушылардың басым бөлігі "Әділет" партиясына дауыс берген. Партияны 6 528 948 адам, яғни дауыс бергендердің 71,17%-ы қолдады.

Қалған партиялардың нәтижесі мынадай:

  • "Ауыл" – 574 621 дауыс (6,26%);
  • Respublica – 509 631 дауыс (5,56%);
  • "Ақ жол" – 478 083 дауыс (5,21%);
  • ЖСДП – 469 058 дауыс (5,11%);
  • Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%);
  • "Байтақ" – 97 751 дауыс (1,07%).

Сонымен қатар 2,51% сайлаушы "бәріне қарсымын" деген нұсқаны таңдаған.

Осы нәтижеге сәйкес, Қазақстан Халық партиясы мен "Байтақ" партиясы сайлау нәтижесі бойынша белгіленген 5 пайыздық межеден өте алмады.

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтті. Бұған дейін ОСК дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау