Құрылтай заң жобаларын қалай қарайды? Жаңа регламент қабылданды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл тәртібі белгіленді.

Құрылтай депутаттары жаңа жұмыс регламентін қабылдады. Құжатта заң жобаларын қарау тәртібі, олардың өту кезеңдері және жаңа конституциялық органдармен өзара іс-қимыл жасау тетіктері айқындалған.

Регламентке сәйкес, заң жобасын қарау мерзімдері Құрылтай бюросының қаулысымен белгіленеді. Ал заң жобаларын талқылау үш оқылымнан тұрады.

  • Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері талқыланады.
  • Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады.
  • Ал үшінші оқылымда заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан оның түпкілікті редакциясы талқыланады.

Халықаралық шарттарды ратификациялау мәселелері екі оқылымда қаралады.

Бұған дейін Мәжіліске енгізілген заң жобаларын Құрылтай жаңа регламенттің талаптарына сәйкес қарауды жалғастырады. Бұл құқықтық сабақтастықты сақтап, Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшуге мүмкіндік береді. Жаңа регламентте Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі де қарастырылған.

Кеңес өкілдері өз өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша тыңдауларға қатыса алады. Сондай-ақ олар Құрылтайдың тұрақты комитеттері мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құқылы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау