Құрылтай "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Еңбек сіңірген суретші" атағын енгізуді мақұлады

Фото: E-history.kz
Фото: E-history.kz
Бұл наградаларды енгізуді мемлекет басшысы Құрылтайдың алғашқы отырысында тапсырған еді.

Құрылтай депутаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады. Құжатта "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу ұсынылған. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірінші вице-министрі Қанат Жұмабайұлы композитор атындағы медальдің кімге, қандай жағдайда берілетінін түсіндірді. 

"Бұл медальдің ауқымы кең болады. Тек эстрадалық немесе дәстүрлі ән орындаушыларына ғана емес, композитор, дирижер, ән авторлар қамтылады. Ең алдымен, музыка өнеріне үлес қосқан ұстаздар, дарынды орындаушылар да кіреді. Негізгі өлшем – азаматтың өнерге қосқан нақты үлесі мен шығармашылық жетістігі", – деді ол.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Құрылтайдың алғашқы отырысында "Шәмші Қалдаяқов" медалін және "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізуді тапсырған.

Заң жобасында "Шәмші Қалдаяқов" медалін отандық музыка және ән өнеріне елеулі үлес қосқан, жемісті еңбек етіп, шығармашылық жетістіктерімен ерекшеленген азаматтарға беру ұсынылған.

Ал "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын кәсіби шеберлігі жоғары, отандық көркем мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан және көрнекті туындыларымен танылған бейнелеу өнері саласының өкілдеріне беру көзделген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау