USD: 473.7 / 476.3
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

Құрылтай сайлауына арналған бюллетень қандай болады? ОСК үлгіні көрсетті

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
"Бәріне қарсымын" жолы сақталады.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісі, қорғаныс дәрежесі және оны дайындау тәртібі туралы мәлімет берді.

ОСК мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, дауыс беру бюллетені екі жақты, А4 форматында және көгілдір түсте дайындалады.

Бюллетеньнің бірінші бетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен бюллетень атауы орналастырылады. Ал екінші бетінде 2026 жылғы 23 шілдеде өткен жеребе қорытындысына сәйкес саяси партиялардың атауы, сондай-ақ "Бәріне қарсымын" деген жол беріледі. Сонымен қатар бюллетеньдерді қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы полиграфиялық қорғаныс элементтері пайдаланылады.

Фото: ОСК

 

ОСК мәліметінше, республика бойынша сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген. Осыған байланысты 1 пайыздық резервті қоса есептегенде 12 731 847 дана дауыс беру бюллетені дайындалады.

Бюллетеньдер учаскелік сайлау комиссияларына сайлауға үш күннен ерте емес және бір күннен кешіктірілмей жеткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау