Құрылтайға қандай партиялар өтті? ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Құрылтайда бес партияның өкілдері депутат болады.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Нәтижесінде бес партия 5 пайыздық межеден өтіп, депутаттық мандаттарға үміткер атанды.

Орталық сайлау комиссиясында Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелері жарияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың дауысы төмендегідей бөлінді:

  • "Әділет" – 71,17%;
  • "Ауыл" – 6,26%;
  • Respublica – 5,56%;
  • ЖСДП – 5,11%;
  • "Ақ жол" – 5,21%;
  • Қазақстан халық партиясы – 3,11%;
  • "Байтақ" – 1,07%;
  • "Барлығына қарсы" – 2,1%.

Осылайша, Қазақстан халық партиясы мен "Байтақ" депутаттық мандат алу үшін белгіленген 5 пайыздық межеден өте алмады.

Ал қалған бес партия Құрылтайға өтуге мүмкіндік алды.

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтті. Алдын ала дерек бойынша, дауыс беруге 9 351 539 азамат қатысқан. Сайлаушылардың келуі 74,08% болды.

Құрылтайдағы 145 депутаттық мандатқа жеті саяси партияның кандидаттары таласты.

Сайлаудың түпкілікті нәтижелері барлық сайлау комиссияларының хаттамалары өңделіп, Орталық сайлау комиссиясы ресми қорытынды шығарғаннан кейін белгілі болады.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау