Құрылтай депутаттарына тоғызқұмалақ тақтасы тарту етілді

Фото: news.arsu.kz
Фото: news.arsu.kz
Федерация өкілдерінің пікірінше, депутаттарға тоғызқұмалақ тақтасын табыстау – символдық мәні зор қадам.

Астанада дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясы Құрылтай депутаттарына тоғызқұмалақ тақтасын тарту етті. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. 

"Тоғызқұмалақ – ата-баба даналығы мен парасатын тоғыстырған ұлттық зияткерлік ойынымыз. Бұл ойыншының бойына логикалық ойлау, сабыр, есеп, стратегия және дұрыс шешім қабылдау сияқты қасиеттерді сіңіреді. Ұлттық мұрамызды елдің қоғамдық өмірінің барлық саласында кеңінен насихаттау – ортақ міндет. Сондықтан, Тоғызқұмалақ күні Құрылтай депутаттарына ойын тақтасын тарту етуді жөн деп таптық. Әрбір қазақстандықтың төрінде тұруға тиіс ұлттық құндылығымызды дәріптеуді жалғастыра береміз", – деді дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов.

Шараға дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұл, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті Шолпан Қадырова, ҚР тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті-қамқоршылар кеңесі мүшесі Айдарали Раманов қатысты.

Федерация өкілдерінің пікірінше, Құрылтай депутаттарына тоғызқұмалақ тақтасын табыстау – символдық мәні зор қадам. Себебі елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын азаматтарға ұлттық зияткерлік мұраны таныстыру арқылы ұлттық құндылық пен стратегиялық ойлау мәдениетінің сабақтастығы дәріптеледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау