Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі Құрбан айттың бірінші күнінің қорытындысын шығарды.
Мүфтияттың дерегі бойынша, 16 маусымда республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілген.
Шалынған мал саны:
- қой – 17 327;
- ешкі – 1 597;
- ірі қара – 1 307;
- түйе – 5.
Құрбандық еті ел бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және www.qurban2024.kz сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр", – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Еске салайық, биыл құрбан айт 16-18 маусымға сәйкес келеді.
Оқи отырыңыз: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды. Қой мен сиырдың бағасы қанша