Тікелей эфир

Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды. Қой мен сиырдың бағасы қанша

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені 7 адам бірігіп шалуға болады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін арнайы сайтты іске қосқанын хабарлады. 

Құрбан шалуға арналған сайттың скриншоты

"Онлайн түрде құрбан шаламын деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі", – делінген діни басқарманың хабарламасында. 

Сайтта белгіленген баға бойынша Астанада: 

  • Қойдың құны – 75 мың теңге;
  • Ірі қараның құны – 490 мың теңге (оны жеті адам бірігіп шалса, орта есеппен әрбіріне 70 мың теңгеден шығады).

Әр өңірде құрбандық малының бағасы әркелкі. 

Сайт арқылы құрбан шалуға емес, құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады. 

Еске салайық, биыл Құрбан айт 16-18 маусымға сәйкес келеді. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары