USD: 485.7 / 489.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Құрбан айт – 2026: qurban.muftyat.kz сайтында тапсырыстар 12:00-ге дейін қабылданады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бүгін – Құрбан айттың үшінші күні.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалуға арналған qurban.muftyat.kz сайты арқылы бүгінгі 12:00-ге дейін ғана тапсырыс беруге болатынын хабарлады

Діни басқарманың дерегінше, Құрбан айттың бірінші күні еліміз бойынша жалпы саны 18 710 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 941 өтініш онлайн форматта қабылданған. Оның ішінде: 

  • қой – 16 593; 
  • ешкі – 1 014; 
  • ірі қара – 1 088; 
  • түйе – 15.

Ал екінші күні жалпы саны 987 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 605 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: 

  • қой – 637; 
  • ешкі – 219; 
  • ірі қара – 120; 
  • түйе – 11.

Екі күнде құрбандық еті республика көлемінде 55 709 мұқтаж отбасы мен 1179 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз