Тікелей эфир

Құлсарыға мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

Көмекті таратуға 60-қа жуық ерікті тартылған.

Атырау облысы Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылған, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті. 

"Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз. 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті. Ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттардан тұратын гуманитарлық көмек Жылыойға облыс орталығынан келуде", – деді Жанаргүл Шарғабаева.

Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.


Оқи отырыңыз: Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады


 

Серіктестер жаңалықтары