Республикалық адвокаттар алқасы кәсіби мерекеге орай медаль және құрметті атақтармен марапатталған қорғаушылардың тізімін жариялады. Олардың ішінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі арқылы танымал болған адвокат Ерлан Ғазымжанов та бар.
Ерлан Ғазымжанов "Кәсіпқойлығы үшін" мерекелік медалімен марапатталды. Оған медальді Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыс етті. Бұл рәсімнің видеосын Ерлан Ғазымжанов әлеуметтік желіде жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Игорь Вранчев пен Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаев ісінде екі тараптың құқықтарын қорғаған болатын. Игорь Вранчев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының құқықтарын қорғаса, Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың мүдделері үшін күресті.
Соттың шешімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Бишімбаев ісіне қатысқан тағы бір адвокат Жанна Оразбақова Республика күніне орай, "Ерен еңбегі үшін" медалімен мараптталған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Бишімбаев 24 жылға сотталды
- Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында төбелесіп қалды ма? ҚАЖК пікір білдірді