ҚТЖ: 112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Пойыздарда 4 000 камера орнатылған.

2025 жылдың соңына дейін 112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылықты және жедел ден қоюды арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Пойыздарда 4 000 камера орнатылған", – деп жазылған хабарламада.

Компанияның мәліметінше, бейне жүйелер ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, құқық бұзушылықтарды тіркеуге және қалдырылған заттарға қатысты әрекет етуге мүмкіндік береді.

Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқық бұзушылықтар 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға төмендеп, шағымдар 32%-ға азайды және ұмытылған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылды.

Айта кетері, барлық жаңа жолаушылар вагоны интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз