Оқыс оқиға кеше Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы-1 учаскесінде болған.
Алматы маңында пойыз екі адамды басып кетті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы-1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды.
"Олар локомотив сигналдарына назар аудармады. Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ.
USD:
502.3 / 505.3
EUR:
596.0 / 600.0
RUB:
6.49 / 6.61