
Қазақстанда жаңа Салық кодексінің аясында тұрғын үй сату кезінде ҚҚС төлеуден босату жеңілдігін жою қарастырылуда. Ұлттық экономика министрлігінің Krisha.kz басылымына берген жауабында бұл жобаның тиімсіз болғаны және өз мақсатына жетпегені айтылған.
Еске салайық, 2001 жылдан бері қазақстандықтар тұрғын үйді сату кезінде немесе арендаға, субарендаға беру кезінде қосылған құн салығын төлемейді. Оның мақсаты – тұрғын үй бағасының қымбаттауын болдырмау болғанымен, нарықта жаңа пәтерлердің де, екінші нарықтағы пәтерлердің де бағасы шарықтап өсті.
"ҚҚС бойынша жеңілдіктен бас тарту тұрғын үй нарығына, тұрғын үй бағасына айтарлықтай әсер етпейді", – делінген Ұлттық экономика министрлігінің жауабында.
Оқи отырыңыз:
- Ипотека-2025: Қазақстандықтар баспаналы болу үшін қандай бағдарламаларға дайындалуы қажет
- 2025 жылы Қазақстанда 175 мың жаңа тұрғын үй бой көтереді
Krisha.kz сайтының жазуынша, Ұлттық статистика бюросының мәліметтері 2001 жылдан бері жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 21 есе өскен.
"Салық кодексінің жобасы қазір Мәжілістің қарауында. Кодексті 2025 жылғы шілдеде қабылдау жоспарланып отыр. Сәйкесінше, ол 2026 жылдан бастап күшіне енеді", – делінген басылымның хабарламасында.