Қазірге дейін 11 оқушы лагерьге орналасып үлгерген.
Оқу-ағарту министрлігі Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары Щучинск қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру лагеріне келе бастағанын хабарлады. Қазірдің өзінде 11 оқушы лагерьге орналасқан. Олар осында білім алып, әрі емделеді.
"Балдәуренге" баспанасы бүлінбеген, бірақ қауіпсіздік мақсатында өрт қауіпті аймақтардан көшірілген отбасылардың балаларына келуге мүмкіндік бар. Бұл үшін балалардың ата-аналарының рұқсаты керек.
Оқи отырыңыз: Қостанайдағы өрт: елді мекендерге төнген қауіп сейілді
"Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған "Бөбек" оқу-сауықтыру орталығы да бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға дайын. Балаларға күнделікті мәселелерді шешкенге дейін осында сауықтырудан өтуге және лагерьдегі мектепке баруға ыңғайлы болады. Оларға қолайлы жағдай жасалған", – деді балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Қостанай облысындағы зардап шеккен балаларға көмек көрсету және оңалту мақсатында "Балдәурен" және "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар ұйымдастырған болатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚚 Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
-
326
-
0
-
2
-
-
2🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
295
-
0
-
0
-
-
3🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
265
-
0
-
0
-
-
4🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
247
-
0
-
0
-
-
5👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
242
-
0
-
2
-
-
6Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
237
-
0
-
2
-
-
7👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
268
-
0
-
0
-
-
8🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
257
-
0
-
0
-
-
9🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
288
-
0
-
0
-
-
10👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
289
-
0
-
0
-