Дегенмен өрт әлі ауыздықталған жоқ, оны өшіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қостанай облысындағы өрттен тағы бір адам жарақат алды. Барлығы 11 адам, оның ішінде 6 адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланған. 1935 жылы туған бір адам қаза тапты, деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігінің жедел штабы.
"Елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарында қарауылдау ұйымдастырылды", – деп жазылған хабарламада.
Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейген. Сонымен қатар өрт сөндіру басталған сәттен бастап 137 су ағызу жүргізілген.
Оқи отырыңыз: Алматы тұрғындары өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға қалай көмек беріп жатыр?
Айта кетейік, өрт басталғалы бері өңірде барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті. Оның 85-і Аманқарағай ауылында және 6-сы Озерный ауылында.
Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қостанайда өртті өшіру және халыққа көмек беру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Фото
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
357
-
0
-
0
-
-
2🏔 Жыл соңына дейін қазақстандықтар тағы 9 елге ұшақпен қатынай алады. Олар қай елдер?
-
357
-
0
-
6
-
-
3🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
325
-
0
-
4
-
-
4🏦 Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап зейнетақы жинағының жартысын инвесткомпанияларға бере алады
-
328
-
0
-
4
-
-
5😱🏥 Қазақстанда АИТВ жұқтырған еркектердің саны әйелдерден 2 есе көп
-
310
-
0
-
4
-
-
6🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
288
-
0
-
1
-
-
7🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
280
-
0
-
0
-
-
8💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
280
-
1
-
1
-
-
9👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
295
-
0
-
3
-
-
10🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
298
-
0
-
2
-