Қостанайда ондаған отбасын баспанасыз қалдырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы сотталды.

Қостанайда ондаған отбасын баспанасыз қалдырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды. Ол азаматтардан пәтер сатып алуға ақша тартуға рұқсаты болмаса да, екі жарым жыл бойы тұрғындармен шарт жасасып келген. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, компания директоры құрылысты аяқтау мүмкін емес екенін біле тұра, азаматтардан ақша алуды жалғастырған.

Тергеу мәліметінше, 2022 жылғы сәуірден 2024 жылғы қарашаға дейін компания басшысы азаматтардан 123 млн теңгеден астам қаражат тартқан. Ақша оның жеке қалауы бойынша жұмсалған.

"Құрылысты аяқтау мүмкін еместігін біліп тұрса да, азаматтардан ақша алуды жалғастырды. Салдарынан ондаған отбасы уәде етілген баспанасыз және инвестициясыз қалды", – деп хабарлады прокуратура.

Сот талқылауы барысында барлық жәбірленушілерге келтірілген шығын толық өтелген. Сот үкімімен құрылыс компаниясының басшысына пробациялық бақылау белгіленіп, шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы құрылыс ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау