USD: 467.1 / 469.7
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.81 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Қостанайда алаяқтар зейнеткердің 2,5 млн теңгесін Түркияға аудартпақ болған

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алаяқтарға алданып қала жаздаған зейнеткердің ақшасы қайтарылды.

Қостанайда полиция қызметкерлері мен банк мамандары алаяқтардың құрбаны бола жаздаған зейнеткердің 2,5 млн теңгесін сақтап қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға 2 шілде күні Hi-Tech жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында болған. Банк қызметкерлері ірі көлемдегі ақшаны шетелдік банк шотына аудармақ болған клиентке күмәнданып, бұл туралы Қостанай қаласы полиция басқармасына хабарлаған.

Оқиға орнына келген киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері әйелдің алаяқтардың нұсқауымен әрекет етіп жатқанын анықтаған.

"Қаскөйлер WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін әйелдің бұрынғы басшысы ретінде таныстырған. Олардың сөзіне сенген зейнеткер депозитінен 2,5 млн теңгені шешіп алып, оны АҚШ долларына айырбастаған. Кейін ақшаны Түркиядағы банк шотына аудармақ болған. Алайда банк қызметкерлерінің қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында ақша аударымы уақытында тоқтатылып, зейнеткердің барлық қаражаты сақталып қалды", – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармауға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және мұндай жағдайларда бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау