Тікелей эфир

Қостанай облысындағы ауылда ауызсу тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Құны 800 миллион теңгеден асатын су құбыры үш жылдан бері салынып жатыр.

Қостанай облысының Мәскеу ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілмей жатыр. Бұл туралы "Костанайские новости" басылымы жазды.

Мұнда үш жылдан астам су құбырын тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Су құбырының құны 800 миллион теңгеден асады. Шығыс Қазақстан облысының мердігері қаржылық қиындықтарға тап болып, жұмыс тоқтатылды.

"QazСonstructions компаниясы биыл еш жұмыс істемеді. Жұмыс орнында ең көбі екі адам болды. Биыл компания 250 миллион теңгенің 18 миллион теңгесін ғана жұмсады", – деді Қостанай облысының әкімі Берік Таңжарықов.

Ол тұрғындарда септиктер болғанымен, қыста оны пайдалану қиынға соғатынын, лай басып, сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайтынын айтты.

"Московское ауылында 500-ден астам аула бар. Біз оларды тұрақты түрде ауызсумен қамтамасыз ете алмаймыз, сондықтан төтенше жағдайлар комиссиясы осындай шешім қабылдады", – деді әкім.


Оқи отырыңыз: "Бір тамшы су жоқ". Жамбыл облысында дихандар төтенше жағдай жариялауды сұрады.


Төтенше жағдай 10 қазанда жарияланған.

Берік Таңжарықовтың айтуынша, қазір ауылда су құбырындағы ақаулар анықталып, техникалық тексеру жүргізілуде. Бұл 2018 жылғы жоба, ол бойынша конкурстық процедураларды жедел орындау мүмкін емес. Әкімнің айтуынша, жобаны жергілікті мердігер аяқтайды, ал ақысы кейін төленеді. Су құбырының құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары