Тікелей эфир

"Бір тамшы су жоқ". Жамбыл облысында дихандар төтенше жағдай жариялауды сұрады

Меркі ауданының әкімі де құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтады.

Жамбыл облысында дихандар төтенше жағдай жариялауды талап етті. Айтуларынша, он ауданның алтауындағы шаруалар қуаңшылықтан зардап шегудің алдында тұр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Бізде төтенше жағдай жариялауын сұраймыз. Бұл несиеміз бен бастаған ісімізге демеу болатын еді", – деді шаруа қожалығының маманы Арнұр Сәбит. 

Шаруа Зарина Ниязова жанармайдың қымбат екеніне шағымданды. 

"Несие алып, оны ай сайын төлеп отырмыз. Бізге ақшалай көмек берсе, несиенің бір бөлігін жауып, ары қарай бар қызылшамызды күзге дейін сүйрейтін едік", – деді Зарина Ниязова. 


Оқи отырыңыз: Қарбыздары алмадай ғана. Жамбыл диқандары күзде шығынға батқалы отыр


Аудан әкімі Жорабек Байбеков те жұт болады деп болжап отыр. Себебі Меркі ауданындағы үш мың гектар жердің үштен бірі қуаңшылыққа ұрынған. 

"Су Қырғыз елінен келеді. Шарт бойынша олар 1,5 куб су беруі керек, алайда бүгінгі таңда бір тамшы су жоқ. Жұт, құрғақшылық және тапшылық болатын жылдардың бірі", – деді Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков. 

Әкімнің айтуынша, биыл Жамбыл облысында 11 мың гектарға жуық алқапқа қызылша дақылы егілген. Бұған берілетін субсидияның отыздан қырық теңгеге көтерілуі себеп. Әкім бағасына қызыққан жұрт шамасына қарамай еккен, деп отыр. 

Серіктестер жаңалықтары