Қостанай облысында әйелі мен ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Қостанай облысының Аманқарағай ауылында өткен жылы болған қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты. Облыстық соттың мәліметінше, ер адам өз үйінде жұбайы мен кәмелетке толмаған ұлын пышақтап өлтірген.

Қылмыс 2025 жылғы қыркүйекте жасалған.

"Сотта анықталғандай, ер адам әйелін қызғанып, қарым-қатынасты анықтау мақсатында пышақ алып, жұбайы жатқан бөлмеге барған. Сол сәтте кәмелетке толмаған ұлы оянып, әкесін тоқтатпақ болған. Айыпталушы баласына бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Шуға оянған анасы ұлын арашаламақ болғанымен, ер адам оған да бірнеше мәрте пышақ сұққан. Көптеген жарақат салдарынан анасы мен ұлы оқиға орнында көз жұмған", – делінген хабарламада.

Қылмыстық істі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушыға екі адамды, оның ішінде көрінеу кәмелетке толмағанды өлтіру фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1) және 14) тармақтары бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз