Тікелей эфир

Қосшыда жер учаскесін сатып алғысы келген кәсіпкерлер әкімшілік кедергілерге тап болған

Учаскелердің бағасын жергілікті өкілетті органдар бекітеді.

Қосшы қаласында кәсіпкерлер жер учаскесін сатып аларда әкімшілік кедергілерге тап болған, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

"Аумақтық өзгерістер кезінде Қосшы қаласы мен Целиноград ауданында жергілікті өкілетті органдар тиісті шешім шығармаған. Соған байланысты мемлекеттік корпорацияның жергілікті бөлімдері азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден мәжбүрлі түрде  бас тартты. Мұның барлығы өз қызметін дамытқысы келетін, банктен қарыз алуды жоспарлаған, жер учаскелеріне жеке меншік құқығын ресімдегісі келген кәсіпкерлік субъектілерге кедергі болды", – деді ведомство өкілдері.

Мұндай учаскелер жергілікті өкілетті органдар бекіткен базалық мөлшерлемемен сатылады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда бұрын рұқсат берілген барлық құрылысты қайта тексеру ұсынылды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары