Қазақстанда әскери қызметті өткеруден жалтаруға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қазақстанда азаматтар әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін шешу үшін әскерге шақыру комиссиясына еш қатысы жоқ, осы мәселені шешуге құзыретті емес алаяқтарға жүгінеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов айтты.
Полковник әскери қызметті өткеруден жалтаруға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтті. Сонымен қатар ол азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратынын еске салды.
"Көп жағдайда азаматтар әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін шешу үшін әскерге шақыру комиссиясына еш қатысы жоқ, осы мәселені шешуге құзыретті емес алаяқтарға жүгінеді. Сондықтан ақша талап ету, туындаған мәселені шешу, ұзаққа созу және басқа да сыбайлас жемқорлық көрінісі бар барлық шара бойынша жедел шара қабылдау және туындаған жағдай бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс министрлігі мен құқық қорғау органдарының сенім телефондарына хабарласу қажет", – деді Бауыржан Артықов.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар әскерден босату және кейінге қалдыру туралы ақпаратты енді ЅМЅ арқылы алады
Полковник ведомствоның азаматтарға әрқашан ашық екенін, барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екенін жеткізді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
350
-
1
-
4
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
343
-
0
-
1
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
315
-
0
-
4
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
303
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
304
-
0
-
1
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
304
-
0
-
1
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
291
-
0
-
1
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
287
-
0
-
1
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
290
-
0
-
1
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
299
-
0
-
1
-