"Қонақжай отбасы": Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған тың жоба

Шығыс Қазақстан облысында биыл 32 отбасы алпыстан астам бала қабылдауға дайын.

Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған "Қонақжай отбасы" пилоттық жобасы аясында биыл қала балалары Катонқарағай, Өрел және Берел ауылдарындандағы отбасылармен бірге тұрып, қазақ тілін үйрене алады.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.

Жобаға қатысушы үшін 32 отбасы таңдап алынған. Олар 60-тан астам баланы қабылдайды. Ата-аналардан өтініш 22 мамырға дейін қабылданатын болса да, қазірдің өзінде 40-қа жуық өтініш түскен.

Жобаға қатысатын балалар 12-14 жас аралығында болуы тиіс. Олар "қонақжай отбасында" 20 күн тұрып, қазақ тілін үйренеді. Әрбір бала үшін қабылдаушы отбасына 180 мың теңге ақы төленеді.


Оқи отырыңыз: "Қазақша үйренгісі келетіндер көп". Орыс жігіт қалай қазақ тілі клубын құрды?


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз