USD: 471.9 / 474.9
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Қой еті бір жылда 14 пайыз қымбаттады. Үкіметте қой экспортына тыйым салу мәселесі қаралып жатыр

Қазақстанда 22,9 миллион бас қой бар. Өткен жылмен салыстырғанда қой саны 3,6%-ға көбейген.

Energyprom.kz мәліметінше, қой санының басым бөлігі Түркістан облысында. Өңірде 5,5 млн бас қой бар. Өсімі жақсы, өткен жылмен салыстырғанда мал саны 6,6%-ға артқан. Кейінгі орындарды Алматы (4,3 млн бас қой) мен Жамбыл облыстары (3,4 млн бас қой) иеленіп отыр.  

Биылғы жартыжылдықта жалпы салмағы 131,8 мың тонна болатын қой сойылса, таза ет салмағы 65,7 мың тоннаны құрады. Қой еті бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда 14,4%-ға қымбаттаған. Қой еті келісінің бағасы жоғары үш өңір келесілер:

  • Нұр-Сұлтан – 2,9 мың теңге;
  • Алматы – 2,9 мың теңге;
  • Қарағанды – 2,6 мың теңге.

Оқи отырыңыз: Қой саны, қойшы мәртебесі және фермерлік келісім-шарттар. Қой шаруашылығын қалай дамыту көзделіп отыр?


Қой етінің төмен бағасы Орал мен Петропавл қалаларында (1,7 мың теңге) тіркелді.

"Shopan Ata ұлттық қой өсіру қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, қой етінің қымбаттауының басты себебі – малды шетелге тірідей экспорттау үлесінің артуы болып отыр. Соған орай, ел Үкіметі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қауымдастықтың ұсақ малды экспорттауға мүлде тыйым салу туралы ұсынысын қарап жатыр", – делінген Energyprom.kz таратқан хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау