Қоғам белсенділері Абылай хан есіміне "Ұлы" деген құрметті эпитетті бекіту туралы бастама көтерді

Фото: "Сенімен болашақ" РҚБ сайты
Фото: "Сенімен болашақ" РҚБ сайты
Аталған тұжырым қоғамдық қолданыста, ғылыми әдебиетте және мәдени жадта берік орын алуы тиіс.

"Сенімен болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақ хандығының билеушісі Абылай ханның есіміне "Ұлы" деген құрметті эпитетті бекіту туралы қоғамдық бастама көтерді. 

"Бұл бастама тұлғаның айрықша тарихи рөлін мойындауға негізделген. Себебі әрбір кемелденген қоғам мемлекеттіліктің қалыптасуында шешуші рөл атқарған тұлғалардың есімін сақтауға ұмтылады. Абылай хан ауыр сын-қатер кезеңінде елді ұйыстырып, ішкі бірлікті нығайта білді, оңтайлы әрі көреген сыртқы саясат жүргізді, сондай-ақ қазақ мемлекетінің саяси дербестігін сақтап қалды. "Ұлы Абылай хан" атауын бекіту – тарихи әділеттіліктің көрінісі, қоғамдық сана-сезімнің айғағы және Қазақстанның күші мен бірлігін айқындап отырған мұраға деген құрметтің белгісі", – деді қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы Нұркен Асанов. 

Оның айтуынша, тұлғаның ұлылығын мойындау жеке басқа табыну емес, керісінше, көрнекті мемлекет қайраткерінің ұлттық маңызын айқындайды. Аталған тұжырым қоғамдық қолданыста, ғылыми әдебиетте және мәдени жадта берік орын алуы тиіс.

Бұл бастаманың декларациясы қоғамдық бірлестіктің ресми сайтында жарияланған. 

"Әлем халықтарының тарихи санасында ұлт тағдырына айрықша ықпал еткен қайраткерлерге ерекше құрметті айқындаушы атауларды бекіту дәстүрі қалыптасқан. Мұндай эпитеттер – тұлғаның тарихи рөлінің ауқымын қоғам тарапынан айқын мойындаудың көрінісі. Ұлы Абылай хан есімін бекіту қоғамдық өзін-өзі тану актісі ретінде қарастырылуы тиіс. Ол тарихи жадты нығайтуға және болашақ ұрпаққа саяси жауапкершілік пен азаматтық бірлік тәжірибесін жеткізуге бағытталған", – делінген декларацияда. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз