Тікелей эфир

ҚМДБ қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорлар мен агенттердің тізімін жария етті

Қазір қажылыққа тіркеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылықты тек қажылық визасы бар азаматтар ғана жасай алатыны жөніндегі мәлімдемесіне орай, биыл қазақстандықтар тек рұқсаты бар турпоператорлар мен турагенттердің көмегімен үлкен қажылық сапарын жасай алатынын еске салды. 

Бұл ретте ҚМДБ аталған туроператорлар мен турагенттердің тізімін жария етті. "Қажылық-2024" маусымында 16 туроператор және осы туроператордың бірімен субагенттік келісімшарт құрған 19 турагент қана қазақстандықтарды үлкен қажылыққа апара алады. 


Оқи отырыңыз: Қажылық 2024: Сауд Арабиясы қажылықты туристік сапармен шатастырмауға шақырды


2024 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға рұқсаты бар туроператорлар тізімі

Оқи отырыңыз: ҚМДБ: Биыл қажылыққа баратындар тек тізімде көрсетілген туроператорларды брондай алады


2024 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға рұқсаты бар туроператорлармен субагенттік келісімшарт жасаған турагенттердің тізімі

Еске салайық, биыл Қазақстаннан ресми 5081 адам қажылыққа аттанады. Олар 5-10 маусым аралығында Саудияға барып, 23-28 маусым аралығында елге оралады деп жоспарланып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары