Қияр мен қызанақ қымбаттады: үкімет азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін "жасыл дәліздер" енгізеді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдады.

Үкіметте өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ахуалы талқыланды.

Қараша айында қазанмен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,9%-ға дейін баяулаған. Ал азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен айдағы деңгейде сақталып, 1% көлемінде қалып отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты индекс соңғы төрт апта бойы өзгеріссіз қалған.

Үкіметтің мәліметінше, жылыжай көкөністерінің, әсіресе қияр мен қызанақтың маусымдық қымбаттауына байланысты Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шекарадағы өткізу бекеттерінде түрікмен көкөністеріне жедел түрде "жасыл дәліздер" ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шара жылыжай өндірісі жеткіліксіз өңірлерді қолжетімді бағамен көкөністермен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

"Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, 22–31 желтоқсан аралығында елдегі супермаркеттерде Bereke fest акциясы өтеді. Акция аясында фермерлерден тікелей жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылатын болады. Сонымен қатар желтоқсан айында еліміздің барлық өңірінде 800-ден астам ауыл шаруашылығы және жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланған. Тек өткен аптада 149 жәрмеңке өткізілді. Сауда комитетіне шалғай өңірлерге, оның ішінде Маңғыстау мен Ұлытау облыстарына тауар жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қосымша қолдау көрсету тапсырылды", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары