Қажылық та, қаражат та жоқ: Астанада туристік компания атын жамылған алаяқ 2,2 млн теңге жинап алған

Фото: travelpress.kz
Фото: travelpress.kz
Жалған туроператордан зардап шеккендер саны артуы мүмкін.

Астана қаласында туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті өзін туристік компания қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға Мекке қаласына қажылық сапарын ұйымдастырып беремін деп уәде берген.

"Ол жолдама, виза рәсімдеу және әуе билеттерін алып беру сылтауымен алдын ала ақша жинаған. Алайда уәде етілген қызметтер орындалмаған. Қазіргі уақытта 13 эпизод анықталып, келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрады. Тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін", – делінген хабарламада. 

Құзырлы органдар күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз