Қажылыққа жинаған ақшасын сырқат балаларға бөліп берген қарияға ҚМДБ жолдама сыйлады

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
94 жастағы ақсақал Сағадат Жұмабаев 13 жылдан бері Павлодардағы қарттар үйінде тұрады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы павлодардық қария Сағадат Жұмабаевқа қажылық сапарға жолдама сыйлады, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі

13 жылдан бері қарттар үйінде тұратын ақсақал өмір бойы қажылыққа сапар үшін жинаған ақшасын сырқат баласы бар аналарға таратып берген. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен.

Жолдаманы қарияға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы табыстады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз