Университет базасында 2008 жылдан бері Ғылыми-технологиялық парк жұмыс істейді.
Журналистер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысып, Ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу лабораторияларын аралады.
Технопаркте "Сұйық түрдегі ракушка плиткалардың бетіне жағылатын тау жыныстарының поликристалды сынғыш ұнтақты кальций карбонатын жасайтын бірлескен өндірісін құру" инновациялық жобасы іске асырылып жатыр. Қазір құрылыс материалы университет ғимараттарының қасбеттерін жаңалауға қолданылады.
Дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу орталығында "Өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнімдерді әзірлеу" жобасы таныстырылды. Жоба авторы Жанар Жеңіс жетекшілігімен ғалымдар алғаш рет Қазақстан аумағында өсетін дәрілік және қоректік шөп қоспаларының бірнеше түрінен тұратын табиғи тұнбалар жасады. Олар тұмауға, ЖРВИ-ге, сондай-ақ бауыр мен әйел денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және емдік қасиеттерге ие.
"Иммунитет, диабет, асқазан-ішек жолдары мен оғары қан қысымын реттейтін фитошайлар да жасадық. Жалпы сегіз өніміміз бар. Денсаулық сақтау министрлігінен тиісті сертификаттарды алып, тіркеп жатырмыз. Орталықта шағын зауытымызды құрдық. Ең алғашында сұйық шәрбат түрінде шығардық. Сақтауға ыңғайлы әрі сақтау мерзімін ұзарту үшін басқа формада шығарып жатырмыз", – деді Жанар Жеңіс.
Оқи отырыңыз: ҚазҰУ ғалымдары суда еріп, толық ыдырайтын биологиялық пластик әзірледі
Журналистер автоматты мұнай шөгінділерін тазарту қондырғысы, дәстүрлі электр энергиясы жоқ жерлерге электр энергиясын беру, орта оқу орындарында электр құбылыстарын зерделеу үшін зертханалық кешендердің шағын өндірісін ұйымдастыру, наноматериалдар негізіндегі қабылдағыштар, наноспутниктер әзірлеу секілді жобалармен де танысты.
"ҚазҰУ – QS WUR халықаралық рейтингінде 150 үздік ЖОО қатарына енген елдегі және Орталық Азиядағы жалғыз ірі ғылыми-білім беру орталығы. Былтыр 25 шілдеде зерттеу университеті мәртебесін алып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірледік. 2022 жылы Ыстамбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалы ашылып, Алматыда ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы құрылды", – деді ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев.
Университетте 16 факультет, 8 ғылыми-зерттеу институты, 29 ғылыми орталық пен Ғылыми-технологиялық паркі, 97 өндірістік филиалдан тұратын бірегей ғылыми-инновациялық инфрақұрылым бар. Жыл сайын конкурстық негізде университет ғалымдары 400-ден астам ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асырады.
Оқи отырыңыз: ҚазҰУ ғалымдары коронавирусқа қарсы қорғаныс экранын әзірледі
Ғылыми институттармен және ұйымдармен интеграция күшейтілген: 21 білім беру бағдарламасы енгізіліп, 396 магистр мен PhD докторы оқуын аяқтады. Ғалымдар өнертабыс пен модельге 400 патент пен авторлық куәлік алды. Scopus-тағы қазақстандық ғалымдардың мақалаларының 58%-ын жыл сайын ҚазҰУ қызметкерлері жариялайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
334
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
285
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
293
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
283
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
293
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
260
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
249
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
252
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
247
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
256
-
0
-
0
-