22 шілдеде Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Ал елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауылды жел күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +27…+29 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауылды жел күтіледі. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +34…+36 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +25…+27 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +23…+25 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +24…+26 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +28…+30 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел тұрып, жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +31…+33 градус.
Павлодарда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +24…+26 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +25…+27 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Таңертең және күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +28…+30 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +31…+33 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел тұрып, жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +31…+33 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел күтіледі. Таңертең және күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.